Мектептерде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін не істеу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордадағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектептерде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін не істеу керек

«Қалада оқу жылы дәстүрлі форматта басталғаны белгілі. COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою үшін бірқатар шара қабылданды, яғни елордадағы барша оқу орындары Ashyq жобасына қосылды және мұғалімдердің 99 пайызы вакцина алды», - деді Ж. Пралиева.

Оның айтуынша, педагогтар, персонал, ата-аналар, студенттер балабақша мен мектептерге, колледждерге, университеттерге Ashyq жобасы мен басқа да қосымшалар арқылы өтеді.

«Маска тағу режимін оқу кабинеттері мен үзіліс кезінде де сақтау керек», - деді Жанна Пралиева.

Еске сала кетейік, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектепте Ashyq-пен педагогтар мен техникалық персонал кіретінін айтты.