Мектептердi салуға биыл 17,3 млрд. теңге бөлiндi - Милютин

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы республикалық бюджеттен мектеп құрылысына 17,3 млрд. теңге бағытталады. Бұл туралы бүгiн ОҚК өткен брифингте ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Александр Милютин мәлiм еттi.

Мектептердi салуға биыл 17,3 млрд. теңге бөлiндi - Милютин

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үкiмет бiлiм нысандарын салуға, ең бастысы - үш ауысымды және апаттық күйдегi мектептердi жоюға бағытталады», - деп атап өттi ол.

Еске салайық, ҚР Парламентiнiң мәжiлiсiне 2015-17 жылдарға арналған бюджеттiң жаңа жобасы түскен болатын. Оның аясында қосымша 700 млрд. теңге үнемдеу жоспарланған. Олардың басым бөлiгi мемлекеттiк органдар мен ұлттық компанияларға бөлiнген қаражатты қысқартуды көздейдi. Әлеуметтiк саланың қаржысы бұрынғы деңгейiнде қалады.