Мектептері жоқ ауылдық жерлерде тұратын балалардың 28,4 пайызы мектепке жеткізілумен қамтамасыз етілмеген - Ж. Түймебаев

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде мектептері жоқ ауылдық жерлерде тұратын балалардың 28,4 пайызы мектепке жеткізілумен қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев айтты,

Мектептері жоқ ауылдық жерлерде тұратын балалардың 28,4 пайызы мектепке жеткізілумен қамтамасыз етілмеген - Ж. Түймебаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалар құқықтарын қорғау, жалпыға жапай білім беру, тамақтану, балаларды мектепке жеткізу мәселесі бойынша 194 білім беру ұйымы тексерілді. Қазіргі уақытта мектепке бармауы анықталған балалардың 53 пайызы себепсіз бармай отыр. Мектептері жоқ ауылдық жерлерде тұратын балалардың 28,4 пайызы мектепке жеткізілумен қамтамасыз етілмеген», деді алқада Ж. Түймебаев.

Осы орайда министр Балалар құқықтарын қорғау комитетіне жергілікті жерлердің білім басқармаларымен бірлесе отырып, себепсіз мектепке бармай жүрген балаларды оқумен қамтуды, сондай-ақ мектептері жоқ ауылды жерлерде тұратын балаларды мектепке жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.