Мел Гибсонның әкесі 93 жасында әйелімен ажырасты

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Атақты голливудтық актер және режиссер Мел Гибсонның 93 жастағы әкесі Хаттон Гибсон зайыбы Тедди Джой Гибсонмен ажырасты.

Мел Гибсонның әкесі 93 жасында әйелімен ажырасты

 Олардың некесі  он жылға созылды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Жас айырмашылығы 20 жылға жуықтайтын ерлі-зайыптылардың  ажырасуына олардың арасындағы алауыздық себеп болған. Хаттон мен Тедди Джой 2002 жылы Мел Гибсонның анасы - Анна қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң үйленген болатын. Оның үстіне Анна мен Хаттонда он бала болды. Қазір Хаттон Гибсонның 50-ден астам немересі бар. Тедди мен Хаттонның арасында бала болған жоқ.