Мел Гибсонның отбасында «алпысбай» дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал америкалық актер және режиссер Мел Гибсон мен оның 26 жастағы сүйіктісі Розалинд Росс сәбилі болды. 61 жастағы Гибсонның бұл тоғызыншы баласы, деп жазады People журналы.

Мел Гибсонның отбасында «алпысбай» дүниеге келді

Басылымның хабарлауынша, сәби өткен аптаның жұма күні Лос Анджелесте дүниеге келген. Оған Ларс Джерард Гибсон деп ат қойылды.

«Олар қуаныштан толқып жүр, Ларс сондай сүйкімді. Олар қазір туыстарының ортасында, ал Мел бақыттан басы айналып жүр. Қазір үйлерінде, барлығының денсаулығы жақсы және қуанышты», - деп хабарлады ақпаратпен бөліскен жұлдызды отбасының танысы.