Мелиорация және су шаруашылығы агенттігін құру қажет - Қ. Айтаханов

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жоғары билік құрылымында Мелиорация және су шаруашылығы агенттігін құру қажет. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сауармалы егін шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың жолдары» атты тақырыпта өткен жиында сенатор Қуаныш Айтаханов осындай ұсыныс жасады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі ең үлкен су тұтынушы Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады, ол су қорының 60 пайызын егін суару мақсатында пайдаланады. Ал, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бақылау, рұқсат беруге жауап беретін мемлекеттік орган Су комитеті де осы министрліктің қарамағында. Бұл парадокс. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздегі трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануы, халықаралық мәселелерді көрші елдердің Үкіметінің мүшелері деңгейінде араласып, халықаралық жобаларды іске асыру секілді су пайдаланудың стратегиялық мәселелерін тікелей Үкімет алдына қойып отыратын жоғары билік құрылымында Мелиорация және су шаруашылығы агенттігін құратын және оның вертикальды жүйесін жасайтын уақыт жетті ғой деп ойлаймыз», деді Қ. Айтаханов.

Сонымен бірге, сенатор еліміздің ұлан-ғайыр жерін тиімді пайдалану мәселесін көтере отырып, ауыл шаруашылғы саласында рентабельдігі жоғары қой мен жылқы шаруашылығын дамыту қажеттігін де алға тартты. Бұл үшін де жайылымдарды тиімді пайдалану қажет болып отыр. «Жалпы, бұндай мәселелер әсіресе ауыл шаруашылығының «алтын қоры» саналатын суармалы жерлердің жағдайын барлап, болашағын жоспарлап, керекті нормативтік құжаттарды әзірлеп отыратын ауыл шаруашылығы министрлігінде суармалы жер шаруашылығымен айналысатын басқарма немесе бөлім болуы тиістігін көрсетеді», деді депутат.

Соңғы жаңалықтар