«Мелор» дауылының салдарынан миллиондаған филиппиндік азамат электр жарығынсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин елінің метеобюросының мәліметтерінше, қазіргі кезде «Мелор» тайфуны Ромбло аралына жетті. Желдің жылдамдығы сағатына 140 шақырымды құрап отыр, ол кей кезде сағатына 170 шақырым жылдамдықпен соғуда.

«Мелор» дауылының салдарынан миллиондаған филиппиндік азамат электр жарығынсыз қалды

Түнде дауыл 5,4 млн. адам тұрып жатқан Биколь түбегін жайпады. Аймақта 720 мың адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Табиғи апат салдарынан Филиппиннің жеті провинциясындағы бірнеше миллион адам электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Франс Пресс. Тайфун салдарынан ағаштар құлап, электр тасымалдау желілері үзілді.

Тайфуннан зардап шеккен аймақтардың мектептерінде сабақтар, әуе қатынасы, сондай-ақ паром қозғалысы тоқтатылды.