Мемайыптаушы Рудныйдың экс-әкімін 8 жылға қамауды сұрады

Қалалық сот экс-әкімге қатысты 2 айға қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын.
«Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы әкім М.Досполов пен «Өркен» ЖШС мердігер ұйымы директоры У.Мүсірәлиевтің 8 жылға қамалуын сұрады. Үкім 25 желтоқсанда шығады», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Индира Құсайынова.
Айта кетейік, Досполов «Пара алу» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні сағат 19.00-де Қостанай облыстық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасарын 15 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұстады. Параны «Өркен» ЖШС мердігер ұйымына жақтаушылық жасау мақсатында алғаны анықталды. Сол күні М.Досполов пен У.Мүсірәлиев Рудный қалалық ІІБ уақытша қамау оқшаулағышына қамалған.