Мембағдарлама аясында салынатын үйлердің аббаттандырылуын тексеретін депутаттық топ құру қажет - Т.Досмұхамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын үйлердің аббаттандырылуын тексеретін депутаттық топ құру қажет. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясы комиссиясының бюджет қаржысын тиімді пайдалану мәселесіне арналған отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темірхан Досмұхамбетов айтты.

Мембағдарлама аясында салынатын үйлердің аббаттандырылуын тексеретін депутаттық топ құру қажет - Т.Досмұхамбетов

«Бүгінде өте көп пәтер пайдалануға берілуде. Бірақ, көптеген пәтерлер маңы жайлы абаттандырылудан тыс қалған. Балалар ойнап жүрген жерде тастар жатыр, ойдым-ойдым шұңқырлар. Мұнымен ешкім де айналысып жатқан жоқ. Үй пайдалануға берілген, адамдар тұрып жатыр, ал абаттандырылудан мақұрым. Инфрақұрылымды қойшы, олар әйтеуір жасалады. Ал абаттандырылмауы, балалардың ойын алаңдарының болмауы алаңдатады. Мұнымен нақты кім айналысуы тиіс? Мүмкін мұны депутаттық топ тексеруі қажет шығар? Слайдтан көріп отырмыз, ал іс жүзінде мүлдем басқа жайт орын алуда», - деді ол.

Өз кезегінде «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев холдингі желісі арқылы салынатын тұрғын үйлер жергілікті әкімдіктердің қаржысы есебінен абаттандырылатындығын атап өтті.