Мембағдарлама аясындағы баспананы қазіргі бағада тұрғызу мүмкін емес – кәсіпкерлер

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың құрылысшылары мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылатын бюджеттік үйлердің бағасын қайта қарауды сұрауда. Олардың айтуынша, бүгінгі таңда бір шаршы метр үшін 160 мың теңге өте арзан, яғни бұл саламен айналысу тиімсіз болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті құрылыс компанияларының бірінің директоры Сергей Тимофеевтің айтуынша, құрылыс материалдарының қазіргі бағасымен мемлекеттік бағдарламалар аясында бюджеттік үйлерді салу – құрылысшыларға тиімсіз.

Осы салада жүрген көптеген компаниялар былтыр бағаның күрт өсуінен зардап шекті.

Өкінішке қарай, құрылыс нысандарының кейбірі ғана қайта түзетілімнен өткен.

Бұл мәселе Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде көтерлді.

«Қазір мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын бюджеттік үйлердің бір шаршы метрінің құны 160 мың теңгеден аспауы керек. Құрылыс материалдарының бағасы аспандап кетті. Бұл жағдайдан кейін тұрғын үй салумен айналысу мүлдем пайдасыз болып қалды. Әсіресе, құрылысы 1,5-2 жылға созылатын ірі нысандарды тұрғызу тиімсіз. Оны салып болғанға дейін баға мың құбылады, нәтижесінде ол біздің барлық кірісімізді жеп қояды. Нәтижесінде бюджеттік үйлер салудың барлық мәні жоғалады, сондықтан республикалық деңгейде, біріншіден, осындай жобалар бойынша бір шаршы метрдің құны қайта қаралуы қажет. Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар бағаны түзетуге мұқият және сапалы қараса екен деген тілек бар, әйтпесе біздегі құрылыс компаниялары тоқтап қалуы мүмкін», - дейді Сергей Тимофеев.

Сондай-ақ, СҚО кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелері жиынған қатысқан қала басшысынан оларды Петропавлдың 8 шағынауданы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлаумен айналысатын жұмыс тобына қосуды сұрады.

Ол осы жылдың тамыз айына дейін дайын болуы тиіс.

Қала әкімі ақпан айында осы мәселе бойынша барлық мүдделі және жауапты тұлғаларды тарта отырып, бірлескен отырыс өткізуге уәде беріп, келісім берді.


Соңғы жаңалықтар
telegram