Мемқызметші топ-менеджер сияқты жыл соңында сыйақы алатын болады - Д.Жаненова

«Жалпы, мемлекеттік қызметкердің жұмысын бағалау былтыр тиісті заңмен бекітілген. Соның ішінде, «А» корпусындағы қызметшінің жұмысын бағалау келісімге негізделген. Яғни, «А» корпусының жетекшісі мен саяси мемлекеттік қызметкер жыл бойы қандай да бір нәтижеге қол жеткізу туралы келісімге қол қояды. Ал, «Б» корпусындағы қызметкерлердің жұмысын бағалауға тоқталсақ, бұл жерде басшы мен әріптестерінің берген пікіріне қарай бағаланады. Бірақ, қазіргі тиісті заңнама жұмыс ақысы мен нәтиже арасында нақты өзара байланыс орната алмай отыр. Сондықтан, біз нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді көздеп отырмыз. Ол нормативтік-құқықтық база мемлекеттік органға бөлінген қаржы аясында басшы адам алға қойылған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін қанша қызметкер керек екенін анықтап, сол жұмыс қорытындысына сай, әр мемлекеттік қызметкердің еңбегін ескере отырып, жарты жылда, болмаса бір жылда қандай да бір сыйақы тағайындай алады», - дейді Д.Жаненова.