Мемқызметшілер балаларды қашықтан оқытуға бөлінген ноутбуктерді жымқырған – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында білім беру бөлімінің қызметшілері табысы төмен отбасылардың балаларына арналған ноутбуктерді жымқырды деген күдікке ілікті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан облыс аудандарының біріндегі әкімдіктің білім беру бөлімінің қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар аудандағы аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларына пандемия кезінде Үкімет резерві есебінен Білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін жымқыру күдігіне ілікті», - деді Д. Бекайдаров онлайн режимдегі брифингіде.

Осы қылмыстың салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 12 млн теңгеден асып түсті.

«Тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы жариялауға жатпайды. Іс бойынша тиісті шешім тергеу амалдарын жүргізу нәтижесі бойынша қабылданады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар