Мемқызметшінің телефонына ақша лақтырған кәсіпкер мың долларға шығындалды
«Биыл қыркүйек айында кәсіпкер әйел зертxаналық зерттеуді жүргізбей, фитосанитарлық куәлікті алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекторының телефонына 3 мың теңгеге баланс салып берген. Инспектор ол туралы бірден агенттікке xабарлаған. Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған азаматшаға 336 700 мың көлемінде айыппұл салынды. Ал сыбайлас жемқорлық фактісі туралы xабар берген мемқызметші қолданыстағы ережеге сәйкес ақшалай көтермелеуге ұсынылды», - дейді агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев.
Оның айтуынша, биыл заңсыз сыйлықтарды ұсынғаны үшін 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал заңсыз сыйлықты алғаны үшін 5 лауазымды тұлға заң алдында жауап берді. Олар жалпы сомасы 16,1 млн теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді.