Мемлекет 2010 жылы жүйе құрушы банктердің капиталынан қалай шығатынын айқындауы тиіс - Үкімет басшысы

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет 2010 жылы еліміздегі жүйе құрушы банктердің капиталынан шығатын датаны және механизмдерді айқындауы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдерімен болған брифингте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүйе құрушы банктердің капиталынан мемлекет қалай шығатындығы жөнінде 2010 жылы принципті шешім қабылдау қажет», деді брифингте К. Мәсімов.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттің еліміздегі жүйе құрушы банктердің капиталына кіруі уақытша шара болды. «Біз банк жүйесін мемлекеттендіруді қаламаймыз, біз банк жүйесіне тек тұрақтандыру кезеңінде кірдік. 2010 жылы мемлекет банк жүйесінен қалай шығатындығына нақты жауап беруіміз қажет», деді ол.  

Соңғы жаңалықтар