Мемлекет ауылдарда көшпелі дәріханалар ашуы тиіс - «Ауыл» партиясы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет ауылдарда жылжымалы дәріханалар ашуы тиіс. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ауылдарда шешімін таппай жатқан, ауыл тұрғындарын мазалап отырған тағы бір үлкен мәселе - дәріхана. Шағын ауылдарда дәріхана мүлдем жоқ болса, үлкен ауылдарда бір-екеуден ғана бар. Коронавирус індеті шырқау шегіне жеткен сәттегі қалада орын алған жайтты өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ал ауылдардың жағдайы мүлдем мүшкіл болды десек, артық айтқаным емес. Әрине, шағын ауылдардың әрқайсысына дәріхана ашу бизнес үшін тиімсіз шығар. Бірақ, мұндай жағдайда мемлекет іске кірісіп, шағын аудандарда әлеуметтік дәріханалар ашуы қажет. Мысалы Шығыс Қазақстан облысының 1-2 ауданында жылжымалы дәріханалар ауыл тұрғындарына қызмет көрсеткен екен. Неге осы тәжірибені барлық ауылда қолданбасқа?», - дейді Қуаныш Сейітжанов.

Сонымен қатар ол бұған дейін тиімділігін көрсеткен көшпелі медициналық қызмет көрсету жүйесін қайта жандандыру қажеттігін баса айтты.

«Оны жандандырмайынша күзде болады-ау деп отырған коронавирус індетінің екінші толқыны кезінде ауылдардың жағдайы бұдан да қиын жағдайға тап болады деп білеміз»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар