Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы көрмесін тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады
Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.



Еске салсақ, бүгін Президент ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумына қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар бірқатар ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады.