19:48, 11 Қараша 2024 | GMT +5
Мемлекет басшысы Бакуге жұмыс сапарымен барды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.