Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Глава государства направил телеграмму соболезнования Президенту Бразилии
Фото: Ақорда

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде Voepass компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. Компанияның хабарлауынша, ұшақта 61 адам болған. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалмағанын жариялаған еді.