Мемлекет басшысы Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада. 

Бұған дейін Президент Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдағаны туралы хабарланған. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум