Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

 АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дональд Трамп
Фото: Ақорда

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

Осыған дейін Дональд Трамптың АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар