Мемлекет басшысы Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің айтуынша, Эфиопия — Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі.
— Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.