Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады
АҚТАУ. KAZINFORM - Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Баспасө қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.
Осыған дейін Қазақстан мен Канада энергетикадағы технология бойынша ынтымақтастықты нығайтқалы жатқаны туралы жаздық.