Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды

АСТАНА. KAZINFORM - Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен баратынын жазған едік.

Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде мемлекет басшылары саяси ұсынысын айтып, түркі мемлекеттерінің ортақ мәселелерін талқыламақ. Талқы алаңында не айтылуы мүмкін, ұйым құрылғалы нендей нәтижеге қол жетті? Kazinform-ның аналитикалық шолушысы сарапшылармен бірге сауалдарға жауап іздеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды
Фото: Ақорда
Әзербайжан
Фото: Ақорда
Әзербайжан
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар