Президент Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шараларға қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
– Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды, - деп жазды Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойғанын жазған едік.