Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт ТоқаевҚытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Айта кетелік Қытайдағы шахта апатынан 82 адам қаза тапқан еді.