Мемлекет басшысы Құрылтайда Вице-президент лауазымына кандидатураны ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. 

Ерлан Қарин
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң Президент Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізеді.

Ерлан Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Білімі:

— Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);
— Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).

Еңбек жолы:

— Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);
— Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);
— Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);
— ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);
— Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);
— Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);
— Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);
— ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);
— «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);
— Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);
— ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);
— «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);
— ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);
— ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);
— ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);
— ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (2022 ж).

Айта кетейік, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсынысты қашан енгізетінін айтты