Алматылық оқушылар Мемлекет басшысына өздері жасаған «Робо киіз үйді» көрсетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Абай» алаңында өтіп жатқан халықаралық Nauryz Fest фестиваліне барды.

балалар
Фото: Ақорда

Бұл шығармашылық шара Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктірді.

көрме
Фото: Ақорда
наурыз
Фото: Ақорда

Шетелдік қонақтар өздерінің декоративті-қолданбалы өнер туындыларын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, халық әндерін шырқады.

Глава государства посетил фестиваль «Наурыз Фест»
Фото: Ақорда
Глава государства посетил фестиваль «Наурыз Фест»
Фото: Ақорда

Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.

тоқаев
Фото: Ақорда
тоқаев
Фото: Ақорда

Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және «Қамшы» атты көрме ұйымдастырылды.

наурыз
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң — «Робо-киіз үй» таныстырылды.

тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл жұмысты Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов, Нұрислам Тұрғынбай әзірлеген.