Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.
Осыған дейін Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма бергенін жазған едік.