07:46, 09 Мамыр 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

– Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, жаңа Рим Папасы болып Роберт Прево сайланды.