Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.

Шри-Ланка БРИКС-ке кіруге өтініш беретінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар