Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

ы
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Үндістан мен Швеция Венера ғаламшарына бірлескен миссия әзірлеп жатқанын жазған едік.