Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барған еді. Сонымен қатар Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді.