Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.
«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өткенін жазған болатынбыз.