Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

АШХАБАД. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті. 

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік. Ашхабад әуежайында Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Сонымен қатар сапар аясында Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты.