Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады», — деп жазды Ақордадан.