21:53, 03 Шілде 2024 | GMT +5
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.

– Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, кеше Үндістанда діни рәсімде 100-ден аса адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.