Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына барды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.

Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды
Фото: Ақорда

Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.

Токио Қазақстан Президентінің сапарына қалай дайындалып жатқанын жазған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары қарсаңында осы елдің Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджима Kazinform агенттігіне эксклюзив сұхбат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесу жоспарланған. «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысып, іскерлік орта өкілдерімен жүздеспек. Kazinform тілшісі Қазақстан мен Жапония арасындағы байланыстың маңызды тұстарына тоқталып көрді.

Соңғы жаңалықтар