Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді, — делінген Ақорданың хабарламасында.


Айта кетелік Маңғыстауда Бозжыра шатқалында визит-орталығының құрылысы басталған еді.