Мемлекет басшысының Минск қаласына жұмыс сапары аяқталды
"Мемлекет басшысының Минск қаласына жұмыс сапары аяқталды". Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін ҚР Президенті ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Беларусь Республикасына барды.
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті Александр Лукашенко қарсы алды.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төраға болатын болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясында сөз сөйледі.