Мемлекет басшысы Абылай хан даңғылы мен №14 көше қиылысындағы жол айырығын ашты

АСТАНА. Шілденің 3-і.  ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ -  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абылай хан даңғылы мен №14 көшенің қиылысындағы көлік жолайырығының ашылуына қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Абылай хан даңғылы мен №14 көше қиылысындағы көлік жол айырығының жобасы бір бағыттағы  8  айналма жол ретінде жасалған. Оның бас жобалаушысы - «Астана инженерлік орталығы» ЖШС, бас мердігері -«Көліккөпірқұрылыс» ЖШС. Жол өткелі №14 көше мен жаңадан салынған №38 көшені жалғастырады және №12 көшемен сол жағалау арқылы М-1 көпірге шығуға мүмкіндік береді. 14 көше бағытына дейінгі жол айырықтың жалпы ұзындығы - 690, көлденеңі 385 метрді құрайды. Көлік жол айырығы құрылысының жұмысы кезең-кезеңмен аяқталатын болады. Жол өткелдің қалған бөліктері сырып тастау жұмыстарының орындалуына қарай 2010 жылы іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар