16:18, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысы адамдарды азаптаудың алдын алу тетігінің жұмысын қалыптастыруға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы әлеуметтік оқшаулау жағдайындағы адамдарды азаптаудың және басқа да тыйым салынған түрлерінің ұлттық алдын алу тетігінің жұмысын қалыптастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.