Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Президенті Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.