Мемлекет басшысы: Әлем қайтадан блок-блокқа бөлініп, жіктеле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір әлемде болып жатқан дағдарыстардың тамыры өткен күндерде жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының жалпы отырысында осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«COVID-19-дан бастап қарулы қақтығыстарға дейінгі бірқатар халықаралық дағдарыс біздің нәзік халықаралық экожүйемізге қауіп төндіріп отыр. Алайда, бұл үдерістер тамырын өткен күндерден алып жатыр. Сондай-ақ, біз кейінгі 30 жылда көрмеген бұрынғы блоктарға жіктелуді байқап отырмыз. Бұл бөлшектену тек геосаяси сипатта ғана емес. Олардың экономикалық астары да бар. Экономикалық саясаттың өзі қаруға айналып барады. Ондай текетірестер санкциялар мен сауда соғыстарын, мақсатты қарыз саясатын, қаржыландыру жүйесіне қолжетімділікті шектеу, тіпті жүйеден шығарып тастау, инвестицияны скринингтеу сияқты шараларды туындатып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекте басшысының пайымынша, осы факторлардың бәрі кейінгі онжылдықтарда жаһандық бейбітшілік пен бақуатқа өзек болып тұрған еркін сауда-саттық, жаһандық инвестиция, иноовация және әділетті бәсекелестіктен құралатын іргетасты біртіндеп теңселтіп жатыр.

«Бұл өз кезегінде мемлекеттер арасындағы және мемлекеттер ішінде бөлінушілікке және әлеуметтік мазасыздықтың күшеюіне әкеледі», - деді Президент.

Айта кетейік, елордадағы Астана халықаралық форумының жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар