14:28, 10 Шілде 2021 | GMT +6
Мемлекет басшысы Алматыдағы №2 жылу-электр орталығына газ-бу қондырғысын орнатуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №2 жылу-электр орталығын жаңғырту жобасына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірге Алматы қаласындағы №2 жылу-электр орталығын газға ауыстыру жобасының құнын нақтылауды тапсырған болатынмын. Үкімет пен қор бұрын ұсынылған көмір-электр стансасын жаңғырту жобасының орнына жаңа бу-газ қондырғысын орнатуды ұсынып отыр. Менің түсінуімше, жобаның орындалу мерізімі – 2026 жылдың аяғына дейін. Негізі мен бұл ұсынысты қолдаймын және жобаны іске асыруға кірісуді тапсырамын. Бірінші кезеңі 2023 жылы аяқталуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.