09:37, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы АӨІСШК мүше-мемлекеттері Хатшылығының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасының Заңы
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
2010 жылғы 8 маусымда Ыстамбулда жасалған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 28 қараша
№ 500-IV ЗРК
Заң мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.