Мемлекет басшысы Асқар Шәкіровті ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындады
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Оразалыұлы Шәкіров Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.