Мемлекет басшысы Астана әуежайының және вокзалының жұмысын сын тезіне алды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайының және вокзалының жұмысын сын тезіне алды,

Мемлекет басшысы Астана әуежайының және вокзалының жұмысын сын тезіне алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халыққа  теміржолмен, әуе жолымен қызмет көрсетуде проблемалар аз емес. Жазда барлық бағыттар бойынша іс жүзінде теміржол билетін сатып алу мүмкін еместігі айтылуда. Теміржол вокзалының және әуежайдың  ғимараттарындағы сервистің деңгейі әлі де болса төмен», деді кеңесте Президент.

Елбасы жолаушылар тарапынан ұшақтардың ұшуына қатысты көптеген наразылықтар түсіп жатқанын атап көрсетті. «Рейстер кейінге қалдырылып, оның себебін түсіндіруге қатысты ақпараттар жоқ, жолаушылар ұзақ күтеді. Неге бұлай болуда, түсінбеймін?», деді Н. Назарбаев.

Осы орайда, Елбасы теміржол вокзалындағы, әуежайдағы проблемалардың байыбына баруды тапсырды.