14:40, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысы Астананың бой көтеруіне атсалысқан барша жұртқа алғысын білдірді
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған ресми қабылдауға қатысты.
Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Мемлекет басшысы жаңа елорданың құрылысына бүкіл ел өз үлесін қосқанына тоқталып өтіп, Астананы салуға тікелей атсалысқан және қаланың табысына қатысы бар баршаға алғысын білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев елорданың, бүкіл елдің өсіп-өркендеуін және Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.