Мемлекет Басшысы айқындаған экономиканың басымды салалары ауқымында 50 инвестициялық тартымды кіші салалар бөлінді

АНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қалыптастыру жөніндегі 1-ші дайындық кезеңінің қорытындысын шығару мақсатында ұйымдастырылған Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысы өтті.

Мемлекет Басшысы айқындаған экономиканың басымды салалары ауқымында 50 инвестициялық тартымды кіші салалар бөлінді

Аталған отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, кәсіпкерлердің салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің ауқымында 8 салалық жұмыс топтары, қаржы тобы, Үйлестіру кеңесінің штабы - жұмыс органы құрылған.

Перспективалық салалық бағыттарды іріктеу, Индустрияландыру картасына одан кейінгі енгізу үшін инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, одан әрі қаржыландыру үшін басымды салалық бағыттар бойынша мастер-жоспарларды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі атқарылған жұмыс туралы салалық жұмыс топтарының есептері тыңдалды. Мәселен, жедел деректер бойынша Мемлекет Басшысы айқындаған экономиканың басымды салалары шеңберінде 50 инвестициялық тартымды кіші салалар бөлінді. Сәйкестендірілген жобалардың саны 94-ке жетті. Үйлестіру штабына оң қорытынды алған жағдайда Индустрияландыру картасына енгізілетін жаңа жобалар түседі.

Отырыста машина жасауды және туризмді дамыту жөніндегі жаңа салалық жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды.

Үйлестіру кеңесінің отырысында салалық бағыттардың түпкілікті тізімі, 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қалыптастыру ауқымында Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияға мастер-жоспарларды әзірлеудің қаржыландыру көлемдері бойынша шешім қабылданды.