Мемлекет басшысы Бағдат Мусинге ескерту берді
«Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүріп жатыр. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде Премьер-Министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-Министрді ұятқа қалдырып отырсыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент үш бірдей министрге сөгіс жариялады. Қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке және киік санына қатысты мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке.
Фото: primeminister.kz